+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

2021 жылдың 30 қарашасында «Жоғары медициналық колледж» кітапханасында республикалық «Бір ел- бір кітап» - акциясы  аясында ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 кітап» негізінде ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Өмірдастан» жыр кітабы таңдалып алынды. «М.Мақатаев- поэзия тұлпары» атты поэзия кеші болып өтті. Кеште 111 бакалавр тобы студенттері ақын өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасады. Поэмалары жатқа оқылды. Кітап көрмесі таныстырылды.

29 қараша қарсаңында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан "30 игі іс" акциясы аясында Жоғары медициналық колледж студенттері елордалық "Мамандандырылған балалар үйі" аумағын тазалады.

Бір сағат ішінде "Шуақ" еріктілер клубының мүшелері мекеменің аулалары мен тротуарларындағы қар үйінділерінің көп бөлігін тазалады.

26 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары медициналық колледжінде Нұр-Сұлтан қаласы “Алматы” ауданы ААПБ ЖПБҚ ЮПБ УПИ өкілдері - полиция аға лейтенанты М. М. Рашидова және полиция капитаны И. Б. Тұрғановпен бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның тақырыбы: "Студенттер арасында бопсалау және оған қолданылатын жазалар".

24 қараша қарсаңында жүздеген соңғы талапкерлер, ал қазір ЖМК бірінші курс студенттері үшін студенттер қатарына қабылдау мерекесі өтті. Осы жылы ол офлайн форматында өтті және көптеген жылдар бойы онымен бірге болған барлық дәстүрлер сақталды.

Көптеген колледждер үшін Студенттерге арнау — бұл барлық бірінші курс студенттері өткізетін міндетті рәсім.

Мерекеге колледж әкімшілігі, оқытушылары мен білім алушылары шақырылды.

19.11.2021ж. "Жыныстық қол сұғылмаушылық" тақырыбында кәмелеттік жасқа толмаған студенттер арасында Нұр-Сұлтан қаласы “Алматы” ауданы ААПБ ЖПБҚ ЮПБ өкілдерімен - полиция капитаны Наурызбаев А.А., полиция аға-лейтенанты Исенов А.Т. кездесу өтті.

Іс-шара жеке адамның жыныстық қолсұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заң ережелерінің түсіндіру сипатына ие болды, заңды күшіне енген айыптау үкімдерінің негізіне алынған нақты фактілер негізінде мысалдар келтірілді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс