«Жоғары медициналық колледжі» директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы мен Студенттік Парламент мүшелерінің кездесуі өтті
- Қаралды: 1368
22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы мен Студенттік Парламент мүшелерінің кездесуі өтті. Сындарлы диалог барысында колледж директоры студенттік өмірдің маңызды мәселелерін шешу және бастамашыл балаларды қолдау үшін студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Ақбала Нұрсейітқызы фракция көшбасшыларың құттықтап, жас басқарушыларға колледж жастарының игілігі үшін өз қызметін жүзеге асыруда табыс тіледі.

Нұр-Сұлтанда алғашқы инклюзивті "Қанаттылар" театры ашылды. Ерекше театрдың 20 шақты әртісі бар. Оның қатарында 8 есту қабілеті нашар жан, 5 арбадағы жан, 3 көру қабілеті төмен және 2 ДЦП-мен (балалардың целебралды сал ауруы) диагнозы бар ерекше әртіс. Біздің колледж студенттері спектакль премьерасының алғашқы көрермендерінің бірі болды.
Ағымдағы жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "ASTANA POLYTECHNIC" Жоғары колледжінің "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі "Астана-адалдық алаңы" жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің слетін өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" Студенттік парламент мүшелері:
Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған "Отбасы — бақыт мекені" іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 12 қазанда Жоғары медициналық колледж студенттеріне "Шығынсыз махаббат: қарым-қатынастың басында қателіктерден қалай құтылуға болады" тақырыбында семинар өткізілді. Кездесуді "JAS QADAM"қоғамдық қорының өкілдері ұйымдастырды.
2021 жыл 9 қазан күні Жоғары медициналық колледждің ерікті студенттері мен оқытушылары 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында сенбілікке шығып ағаш отырғызды.