8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  09.10.2024ж. Жоғары медициналық колледжі 20 жылға жуық уақыт басқарған Ақбала Нұрсейітқызы бүгін ұжыммен қоштасты. 89 жыл тарихы бар колледждің өсіп өркендеуі жолында бар қажырлы еңбегін жұмсаған, ұстаз деген ұлағатты атқа лайықты, турашыл да мейірімді басшы өз миссиясын абыроймен аяқтап, зейнеткерлік жасқа жетті.
  11 қазан Ақбала Нұрсейітқызының туылған күні. Отбасына амандық, деніне саулық, жүрер жолда сәттілік серік болсын деген ниетпен әріптес қызметтестері жылы лебіздерін білдіреді.
Ақ жол, сәт сапар! 🌹🌹🌹

  10.10.2024 ж. Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру, сананы жаңғырту, Отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері Астана қаласы №68665 әскери бөлімінде болды.
  Экскурсия барысында студенттер сап түзеп, әскери құрал-саймандар мен әскери көліктерді көріп тамашалады. Әскери қызметтің тұрмыс-тіршілігімен танысты.

#ЖАССАРБАЗ

  09.10.2024ж. «Жарқын Болашақ» бағдарламасы – Жаңаөзен, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының жасөспірімдеріне
еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуға жағдай жасау мақсатында еліміздің білім беру мекемелеріне грант иегерлерін қабылдау, іріктеуді іске асырады.
   Жоғары медициналық колледжде жаңа оқу жылынан бастап осы бағдарлама аясында 4 білім алушы жалпы практикадағы мейіргерлік іс біліктілігі бағытында білім алуда.
​  Жақында «Жарқын Болашақ» бағдарламасының кураторы Мұхаметқали Зарина Нұрланқызы студенттермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  05.10.2024 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық айлық аясында өтіп жатқан «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты сенбілікті жалғастырды. Олар колледж маңы мен жатақхана маңын тазалады.
#сенбілік

  Ағымдағы жылдың 27.09-04.10 аралығында Жоғары медициналық колледжде бірыңғай «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
  Білім алушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау, ата-аналармен қарым-қатынасты жандандыру мақсатында колледжге ата-аналар шақырылып, еркін диалог форматында өткен жиында талқылау, пікір алысу болды.

  02.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері ««Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиал директорының орынбасары Қаппаров Дарын Құралұлымен кездесті. Кездесудің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарастарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс