+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  06-13.11.2024 ж. күндері аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК педагог-психологтарының ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған оқу топтарының арасында «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өтті.
  Зерттеулердің маңыздылығы, тапсырманы орындау дәлдігі, топтың ұйымшылдығы және өзге топпен қарым-қатынас мәдениеттілігін бағалау барысында, 12м\і. мен 112 м\і тобы бас жүлдені иеленсе, өзге топтар «Өнерлі топ», «Епті топ»,   «Шығармашыл топ», «Жаңашыл топ», «Ұйымшыл топ», атты номинацияларды иеленді.
  Психологиялық сайысты студенттердің заманауи топтық билері әрлей түсті.

  14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. 2024 жылғы қант диабетімен күрес күнінің тақырыбы «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» деп аталады. Бұл қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеу, қолдау қажеттілігін көрсетеді. Қант диабеті – ағзада инсулин жеткіліксіз болған немесе оны тиімді пайдалана алмайтын жағдайларда туындайтын созылмалы ауру екендігінен білім алушыларды хабардар ету, оның алдын алу бағытында Жоғары медициналық колледжде оқытушылар мен студенттер арасында ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
  Әрбір топтарда топ жетекшілер «Қант диабетінен сақтаныңыз!» атты тақырыптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өткізді. Колледждің кіре беріс холлында орналасқан теледидардан «14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні» жайлы ақпараттар берілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Директор  лауазымына конкурс жариялау

 Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директор лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 14 қарашадан бастап 28 қараша аралығында 16:00 сағатына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын). Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 16, пошталық мекенжайы: 010000, телефоны: 331567 және Кәсіпорының электрондық поштасы:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  11.11.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында «Бала қауіпсіздігі – ұлт болашағы» атты тақырыпта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құзырлы орган өкілдерімен кездесу өтті.
  Кездесуге Астана қаласы сотқа дейінгі тергеу мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры Ш.М.Нұржанов,
  Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасының бөлім басшысы Жеткербаев Азамат Жеткербайұлы, «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға лейтенанты, учаскелік инспектор Маликова А.Б., «Қалалық цирк» ШЖҚ МКК әртісі, режиссер Бурашев Берик қатысты.
  Олар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

  01.11.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Алтын күз – 2024» байқауы өтті. Байқауға 15 топ қатысты. Студенттер өзін-өзі таныстыру, өз өнерлерін көрсету, күзгі сән үлгісі бойынша бақ сынасты.
Алтын күздің кереметін көрсеткен білім алушыларға әділқазылар төрешілік етті. Нәтижесінде Бас жүлдеге 111 «Емдеу ісі» фельдшер тобы иеленді.
І-орын – 111 «Акушерлік іс» тобы
ІІ-орын – 14 «Мейіргер ісі» тобы
ІІІ-орын – 15 «Мейіргер ісі» тобы алды. Қалған топтар Номинацияармен марапатталды. 111 м/і қолданбалы бакалавр тобы «Ең әдемі күзгі сән үлгісі» арнай жүлдесінің жеңімпазы атанды.
  Құттықтаймыз!!!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс