+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  06.12.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Ауыл» партиясы Жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Джузбек Мади Ходжиұлы, төраға орынбасары Амантай Данияр Бауыржанұлымен «Жастардың қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта ашық алаң кездесуі өтті.
​  Кездесу барысында олар партия жұмысының жандануы мен барысы жайлы видео-ролик көрсетіп, жастардың қоғам дамуындағы рөлі жайлы ашық әңгіме жүргізді. Білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жастардың қоғамда белсенді, әлеуеті жоғары екендігіне тоқталды.

  06.12.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттеріне «Зиянды әдеттер – есірткі пайдаланудың алдын алу», «Лудомания – қоғам дерті» тақырыптарында Астана қалалық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Койшибеков Т.Т. семинар өткізді.
  ​​Семинар барысында есірткіні пайдаланудың денсаулыққа, қоғамға зияны жайлы бейне-ролик көрсетілді. ҚР Заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту нормативтік акттермен таныстыра отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  ​​Лудоманияның жеке тұлға болып қалыптасудағы зияндарына тоқталды. Студенттер тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді.

  05.12.2024ж. Жоғары медициналық колледждің «ULY DALA» дебат клубының мүшелері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жастар арасында есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы «Aqyl Life-2024» жобасы аясында орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен зияткерлік ойынында І-орынды жеңіп алды.
Құттықтаймыз!!!

  03.12.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС мекемесінің маманы Мирас Қайдармен кездесті. Ол студенттерге «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
  Білім алушыларға қазақ халқының құндылықтары мен дін мәселесі, экстремизмнің алдын алу шаралары жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді.

  02.12.2024ж. Жоғары медициналық колледжде апта сайын «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша тәрбие сағаттары Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады. Желтоқсан айының айшықты тақырыбы «Бірлік пен ынтымақ» бағытында аптаның дәйек сөзі «Бірлігі күшті ел озады» атты тақырып болды. Барлық топтар арасында топ жетекшілер «СПИД – қасірет қақпаны» Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай кураторлық сағаттарын өткізді.

  28.11.24 жылы колледжде Педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1) Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І курс студенттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
3) Үздіксіз медициналық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. “Денсаулық сақтау ұйымдарында - колледждің клиникалық базаларында медбикелік іс қызметінің жаңа моделі”.
4) Астана қаласы әкімдігінің “ Жоғары медициналық колледж” ШЖҚ МКК сыйлықтар беру және іскерлік қонақжайлылық белгілері туралы.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс