+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

25.11.2020 ж. Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінің» ШЖҚ МҚК арнайы пәндер оқытушысы Майжанова Галия Токтаровна Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МҚК-нің 90-жылдығы аясында «Инновациялық технологиялырды білім беру үрдісіне енгізу: қызығушылық, ізденіс, ынтымақтастық» тақырыбында Online режимінде өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» тақырыбы бойынша баяндамамен қатысты. Сонымен қатар, колледж психологы Құлахметова Рая Махамбетқызы «Болашақ медициналық қызметкердің қарым-қатынастағы адами мәдениеттілігі – рухани дамуының алғы шарты» атты  тақырып бойынша баяндамамен сөздеді. 

2020 жылдың 17 қарашасында «Жоғарғы медициналық колледждің» Ms.Teams платформасында Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай «Темекі өнімдерінің жаңа түрлерінің қаупі. Темекіге тәуелділікті емдеу  және алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Іс-шараның мақсаты: Темекі өнімдерінің жаңа түрлерін қолданудың жағымсыз салдары, салауатты өмір салтына баулу, өз денсаулығы ұшін азаматтық жауапкершілікті арттыру және ҚР заңдарына құрметпен қарау. Жастардың темекіге тәуелділікке теріс көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Аталған шарада өз баяндамаларымен «Алматы» ауданы ІІБ ювеналды инспекторы Наурызбаев А., ҚЕАҚ «АМУ» дәрігер резиденті Қыдырали Айдын, нарколог дәрігер Қойшибеков Т. Т. және ҚЕАҚ «АМУ»  магистранты Жанболатова В. Т. қатысты.⠀

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» атты Республикалық онлайн байқауында «Жоғарғы медициналық колледж» студенттері Теміржанқызы Арухан мен Қурал Ельжан Даниярұлы  қатысып, жоғары деңгейлі дайындығы үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Казжанова Айгерим Еркинқызы. Жеңістерімен құттықтаймыз!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МҚК арнайы пәндер оқытушысы Майжанова Галия Токтаровна Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналған «Кәсіптік білім: болашақ бізде» атты қалалық байқауына қатысып, «Шеберханадағы ең үздік бейне сабақ» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ⠀

2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 29 қазан аралығында «Корифей» білім орталығы ұйымдастырған оқушылар мен студенттерге арналған ІІ Республикалық пәндік Олимпиадасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» 67 студент қашықтық түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып, сертификаттармен ал жетекшілері грамоталармен марапатталды.⠀

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс