+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

2020 жылғы 19 қыркүйек пен 19 қазан аралығында өткізілетін қалалық коммуналдық сенбілік аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК 2020ж. 19 қыркүйек күні  сенбілік өткізді.

Сенбілікте колледж қызметкерлері колледж маңын тазалап, бір кісідей атсалысты. Тазалық – денсаулық кепілі!

17 қыркүйек 2020ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-нің «Жас қауырсын» ақындар клубы мүшелері ҚР Тілдер мерекесіне орай «Жырым – тілім» атты жас ақындар мүшәйрасы аясында онлайн бейне ролик байқауын жариялады.

Байқау 2020ж.17 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жеңімпаздар Диплом, Алғыс хаттармен марапатталады.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де «Балаларға назар аудару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Онлайн кездесуге «Алматы» ауданы ОЮП ОМПС полиция капитаны Каримова Айсулу Амангелдиевна, №15 қалалық емхана дәрігері Ливак Яна Леонидовна және психологі Алиакпарова Жанна Амангельдиевна шақырылды.

Отбасындағы жасөспірімдердің қарым-қатынасына байланысты мәселелер айтылды. Жасөспірімдермен өтпелі кезең, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез – құлқы мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

2020 ж. 15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттері Қазақстан Республикасының 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты онлайн челленджін бастады. Челлендж 111 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенттерінің құттықтауларымен басқа топ студенттеріне жолданды. Тіл – әрбір елдің жаны. Қабыл алыңыздар!

2020 жыл 9-10 қыркүйек күндері Жоғары медициналық колледжде “Отбасы дәстүрлерін қалыптастыруда ата-ананың рөлі” тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа 1 курс ата-аналары қатысты. Жиналысты колледж директоры А.Саржанова ашты. Жиында оқу тақырыптары, ішкі тәртіп, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы, қашықтықтан оқыту және студенттердің жатақханада тұру Ережесі туралы айтылды.

Шақырылған өкілдер, “Право” қоғамдық қорының заңгерлері Ерік Ақылбекұлы Қожахметов және Анастасия Алексеевна Файл ата-аналарды “Балалардың құқық бұзушылықтары үшін ата-аналардың жауапкершілігі” тақырыбында дәріс оқып, ата-аналардың жауапкершілігі жайлы таныстырды.

020ж. 01 қыркүйек – Білім күніне орай Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Білі күні», Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы», Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына бағытталған «Абай – дана» тақырыптары аясында сынып сағаттары өтті. Онлайн-кездесу барысында ұйымдастырылған тәрбие сағаттары білім алушылар үшін үлкен маңызға ие болды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс