+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Жыл сайын өткізілетін «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасына «Жоғары медициналық колледж» студенттері белсене қатысады. Биылғы оқу жылында байқауға колледж атынан үш студент қатысты.⠀

Олар: 3 курс «Медбикелік іс» қолданбалы бакалавр тобының студенттері Ильясова Индира, Құрбанбек Ақерке және 2 курс «Медбикелік іс» тобы студенті Жайлаубай Ақбөбек.⠀

Республикалық деңгейде 3 курс студенттері өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік атанған Ильясова Индира 2020 жылғы «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасының жеңімпазы қатарына енді.⠀

Студенттерімізге мақсаттары жеңіске жетелей берсін деп тілейміз. Жарайсыңдар!

20 қазан күні Жоғары медициналық колледж кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап – 2020»  акциясы аясында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына  арналған «Абай жолы – халық жолы» атты кітап көрмесі жасалып, 111 м/і тобының қатысуымен онлайн конференция өткізілді.

2020 жыдың 14 қазанында, Бүгін колледжімізде, Microsoft Teams платформасы арқылы “Нұр-Сұлтан қаласында оқып жатқан жастар арасында ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында онлайн-семинар өтті, оған колледж әкімшілігі мен студенттері қатысты.⠀

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің Есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы күрес басқарма бөлімінің бастығы С. С. Ильиных, “ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық” МКҚК педагогі А. Т. Тұрымова және нарколог дәрігер Т. Т. Қойшыбеков баяндама жасады.⠀

Аталған семинардың мақсаты жұртшылықтың назарын АҚТҚ- инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға аудару, есірткінің жағымсыз салдары туралы хабардар ету, сондай-ақ жастардың оны пайдалануға теріс көзқарасын қалыптастыру болып табылады.⠀

Қадірлі қариялар!

Сіздерді 1 қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз.

30 қыркүйек 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» ШЖҚ МҚК on-line түрінде әдістемелік кеңес отырысы өтті. Колледж директоры Ақбала Нұрсейтітқызы Саржанова педагогикалық ұжымға күн тәртібін таныстыра отырып, отырысты ашты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенті Гептина Дарья ҚР Тілдер мерекесіне арнап, Мұқағали Мақатаевтің «Отан» өлеңін оқып тарту етті. Ұлты неміс болса да қазақ тілін жақсы меңгерген студент, қазақ халқына деген құрметі шексіз.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс