Жоғары медициналық колледжде «Кәсіптік бағдар беру – мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі» атты тақырыпта семинар өтті
- Қаралды: 273
24.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Кәсіптік бағдар беру – мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі» атты тақырыпта семинар өтті.
Семинарда колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет кәсіптік бағдар беру жұмысы және оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесудің маңыздылығы туралы айтып, оқытушыларды Жаңа қабылдаудың 2025-2026 оқу жылына арналған жоспарымен таныстырды.
Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары И. Кадышева оқытушыларды «100 бейінді сынып» жобасымен таныстырды, жоба шеңберінде колледж №32 мектеп-гимназиямен және №37 мектеп-лицеймен тереңдетілген кәсіптік бағдар беру қызметін жүргізетін болады. Оқытушылармен кәсіби бағдар беру жұмысы мәселелері талқыланды.
17.01.2025ж. «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылған апталықтың қорытындысы бойынша студенттерді Марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты психологиялық тренинг өтті
- Қаралды: 229
17.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін арттыру бағытында өткізіліп жатқан апталық аясында «Тәуекел тобындағы» білім алушылармен психологиялық тренинг өтті.
«Құқықтар мен міндеттер: дұрыс жолды таңдаймыз» атты тренингті колледж психологі Карабаева Ж.С. өткізді. Білім алушыларға адам құқықтары дегеніміз не? Негізгі құқықтар мен бостандықтар, жауапкершілік құқықтардың бұзылуы және міндеттері тақырыбында презентация көрсетті. Сонымен қатар студенттермен қызықты ойын-тренингін ұйымдастырды.
16.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» апталығы аясында «Жаяу жүргінші қауіпсіздігі» күніне орай «Жол қауіпсіздігін сақтаймыз ба? Ия. Жоқ» атты зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынға 11 м/і, 13 м/і студенттері қатысты.
Білім алушылар тақырып бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Көрермендердің пікірлері тыңдалып, екі топтан 11 м/і білім алушылары озық шықты.
Колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет білім алушыларды Дипломдармен, кубокпен марапаттады.
Жарайсыңдар!
«Құқықбұзушылықтың алдын алу: Менің таңдауым» атты тақырыпта жаппай эссе жазу байқауы өтті
- Қаралды: 200
16.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» апталығының аясында студенттер арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу: Менің таңдауым» атты тақырыпта жаппай эссе жазу байқауы өтті.
Оқытушылар алдымен білім алушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамдық ортада үлкен маңызға ие екендігін, сол бағытта ұсыныстарын білдіру өз таңдауларын жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 12 «Стоматология» тобының білім алушысы Абдимуталипова Айтурган – І орын
14 м/і білім алушысы Подчасова Милана Владимировна – ІІ орынды иеленді.
Жарайсыңдар!
Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты семинар өткізілді
- Қаралды: 215
15.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты апталық аясында кәмелеттік жасқа толмаған студенттерімен «Право» ҚҚ заңгері Нурбалиева Асель Асылбековна «Балалар мен ата-аналарға арналған киберқауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізді.
Студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық заңдылықтарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған семинарда білім алушылармен қызықты тренинг өткізілді. Студенттерге презентация көрсетіліп, қызықты да мазмұнды сауалдарға жауап алды.