8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  04.06.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында колледж психологтері Карабаева Ж.С., Құлахметова Р.М. «Қарым-қатынасты нығайту» тренинг жаттығуларын өткізді. Алдымен «Өмір қағидаты» атты бейне-ролигі көрсетілді. Білім алушылар «Шаттық шеңбері», «Ақ парақ», «Жартастан өту», «Мен тобыма және өзіме ризамын!», «Сиқырлы қобдиша» жаттығу тренингтеріне белсене қатысты. Бір-біріне деген құрмет, ризашылық ниеттерін білдіру, қошемет көрсетумен қорытындыланды.

  04.06.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты мерекелік іс- шара өтті.
Рәміздер күніне арналған құттықтау сөзін сөйлеген Ақбала Нұрсейітқызы ««JANA BELES FEST 2024» шығармашылық фестиваліне қатысқан білім алушыларға «Астана жастары» ЖРО» КММ басшысының берген Дипломдарын табыстады.
  Шараға жауапты 114 м/і қ. бакалавр тобы студенттері елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадір тұту екендігін насихаттады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше екендігін дәріптеп, өлеңдер оқыды, би биледі.
  1 курс білім алушысы Құлахмет Мансур өз қаламынан шыққан «Қыраным» атты шығармашылық өлеңін оқып берді. Шара соңы «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындыланып, студенттер естелікке суретке түсті.

  31.05.2024ж. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төраға орынбасары, Астана қалалық филиал директоры Д.Рахметуллин, аппарат басшысы Қ.Алиев, «ЖАҢАРУ» РҚБ-і Алматы аудандық филиал директоры Д.Қ.Каппаровпен «Құқықтық сауаттылық -заман талабы» тақырыбында кездесу-диалогі ұйымдастырылады.
  Ашық диалог форматында өткен шарада білім алушылармен сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуындағы келтірер зияны жайлы пікір алмасты.

  29.05.2024 ж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, «Astana Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанділдаев Бақдаулет Болатұлымен Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты тақырыпта диалог-алаңы ұйымдастырылды.
   Сонымен қатар білім алушыларға қазіргі таңда колледжде жүріп жатқан «Таза сессия» жарнасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша түсіндірме жұмыстары жүрді, пікір алмасты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс