8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  Ағымдағы жылдың 01.04 – 17.05 аралығында Жоғары медициналық колледжінде «Патриот» айлығы аясында «Әскери-патриоттық» бағытта іс-шаралары өткізіледі.
Іс-шара барысында суреттер байқауы, тақырыптық ерлік сабақтары, водеороликтер мен патриоттық ән челленджі ұйымдастырылады. Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған бабаларымыздың ерліктеріне бас иіп, насихаттауға өз үлесіңді қос!

  10.05.2024ж. Жоғары медициналық колледждің топ жетекшілері топтар арасында «Бұлақтардағы таза су» атты тақырыпта бірыңғай танымдық сағаттарын өткізді. Студенттерге «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген дана халқымыздың насихат сөзінің мән-мағынасын түсіндіре отырып, ормандар мен көлдердің қоғам байлығы екендігін, оны сақтау мен таза ұстаудың маңыздылығы жайлы насихаттады.

  08.05.2024ж. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Жоғары медициналық колледж жатақханасының студенттері арасында «Таза бұлақ» бағыты бойынша «ЭКО әлемі» суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Олар жұмыстар бойынша стенд жасап, өз шығармаларын қорғау барысында қоғам назарын «Эко әлемге» аудару, жер бетіндегі ормандар мен көлдерді қорғауға, таза ұстауға насихаттады.

  06.05.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 09 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлігім – елім үшін!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызының құттықтау сөзімен ашылды.
12 м/і тобы студенттерінің қойған «Майдан даласынан үзік сыр» атты көрінісі көрермендер көңілінен шықты. Білім алушылар мереке күніне арнап «Синий платочек»,    «Смуглянка», «Огромное небо» әндерін нақышына келтіріп орындады, вальс биледі.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс