Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Каникулда кітап оқиық» буккроссинг марафоны жарияланды
- Қаралды: 282
16.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Каникулда кітап оқиық» буккроссинг марафоны жарияланды.
Марафон «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген. Оқырман мен кітап арасын жақындатып, кітап оқуға шақыратын бұл шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығының жандануына оң әсер ететіні сөзсіз. Сіз де буккроссинг марафонынан шет қалмаңыз!
16.05.2024ж. «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы аясында Жоғары медициналық колледж студенттері арасында Ұлттық спорт күніне орай «Асық ату», «Бес тас», «Арқан тарту» ойындар өткізілді.
Шараға жауапты дене тәрбиесі пәні оқытушылары білім алушыларға Парижде өтетін жазғы олимпиада ойыны қарсаңында ұйымдастырылып отырған акция туралы түсіндіріп өтті. Ойынға қатысушылар екі командаға бөлініп, ұлттық ойын «Асық ату» , «Бес тас», «Арқан тарту» ойындарын ойнады. Қызықты өткен жарыста жеңімпаз команда анықталды.
15.05.2024ж. «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» олимпиадалық апталығы аясында 11 м\і, 13 м/і студенттері арасында «Менің Олимпиадам» тақырыбында эссе, «Менің сүйікті олимпиадалық спортым» атты тақырыпта шығарма жазу жұмыстары өз жалғасын тапты.
Қазақ тілі пәні оқытушысы Разакова Р.О. білім алушыларға кіріспе ретінде ағымдағы жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада жайлы ақпараттар беріп, жазба жұмысын алды.
15.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері Астана қаласы №78 мектеп-гимназиясына барып, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Ата-аналарға колледж дайындайтын мамандықтар бойынша видеоролик көрсетті, ақпараттық баннермен таныстырып, «Талапкер - 2024» ақпараттық матеиалдарын таратты. Қызығушылық танытқан ата-аналар тарапынан болған сауалдарға жауап берді.
14.05.2024ж. «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» олимпиадалық апталығы аясында Жоғары медициналық колледжде шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
12 м\і студенттері арасында «Менің Олимпиадам» тақырыбында эссе, 14 м/і білім алушыларымен «Менің сүйікті олимпиадалық спортым» атты тақырыпта шығарма жұмыстары жазылды. Орыс тілі пәні оқытушылары Джолдинова К.К., Абдирова Г.О. білім алушыларға кіріспе ретінде Парижде өтетін жазғы олимпиаданың маңызы жайлы ақпарат беріп, білім алушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға насихаттады.
14.05.2024ж. «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» олимпиадалық апталығы аясында «Бірге – тезірек, жоғары, күшті!» ұранымен Жоғары медициналық колледж студенттері арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. 11 м/і тобымен «Олимпиада менің қатысуыммен басталады» тақырыбында өткен тәрбие сағатында білім алушыларға XXXIII жазғы Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиадасы жайлы ақпараттар берілді. Студенттер Қазақстаннан қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі.