8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  СЕССИЯ БАСТАЛДЫ! Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де 2024 жыл 22.05 – 20.06 аралығында «Таза сессия» жарнасы басталды.
  Жарна жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер арасында «Мен таза сессияны қолдаймын» эссе және «Біз таза сессия үшін!» тақырыбында бейнеролик байқауы, «Адал бол - адам бол!» тренингі, анонимді сауалнама жүргізу жоспарланып отыр.
#біз таза сессияны қолдаймыз!

  23.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жалғастырды. Астана қаласы №29 орта мектеп оқушылары колледж  базасында болып, колледж дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттар алды. Олар колледждің кітапханасы, жетістіктер фоесін көріп, оқу кабинеттерімен танысты.

  23.05.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «С.Нұрмағанбетов – халық үшін туылған батыр» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
  12 м/і, 13 м/і, 14 м/і топ білім алушылары мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері арасында отставкадағы полковник, ТҚ бойынша инженер Д.О.Ногуманов Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы мен Отан алдындағы мінсіз қызметі жайлы дәріс оқыды. Халық үшін туылған батыр жайлы бейнефильм көрсетіп таныстырды. Мағыналы өткен дәріс білім алушылар бойында патриотизмді қалыптастырып, елге адал қызмет етуге шақырады.

  2024 жылдың 21 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК–да Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Жастар лигасы» жобасы аясында «Тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «ТжКББ ұйымдарындағы тәлімгерлік жұмыстың тиімді үлгілері» тақырыбымен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» әдіскері Сейдахметова Б.К. баяндама оқыды. Бағдарлама бойынша Астана қ. ТжКББ оқу орындарынан келген тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары медициналық колледжден Тлеужанова А.Б. оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы жетекшілігімен Карабаева Ж.С. - психология және коммуникативтік дағдылар пәнінің оқытушысы, Аскарбекова Г.У. – информатика пәнінің оқытушысы «Тәлімгерлік тәжірибе - үйренеміз және үйретеміз» атты тренинг өткізді. Дәңгелек үстел дәстүрлі түрде кері байланыспен аяқталды.

  21.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында тәжірибе алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің» педагог-психологі Кармысова Гульмира Сансызбаевна «Медицина қызметкерлерінің болашақ мамандығында эмоционалдық тұрақтылықты дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

  16.05.2024ж. «Париж 2024 жылғы Олимпиаданы қарсы алады!» олимпиадалық апталығы аясында «Бірге – тезірек, жоғары, күшті!» ұранымен Жоғары медициналық колледж студенттері арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өз жалғасын тапты. Топ жетекшісі Майжанова Ғ.Т. 21 «Емдеу ісі» тобымен «Олимпиада менің қатысуыммен басталады» тақырыбында өткен тәрбие сағатында білім алушыларға XXXIII жазғы Олимпиада ойындары жайлы ақпараттар беріліп, кезінде Қазақстанның атын шығарған спорт әлемінің чемпиондары жайлы мәліметтер берілді. Ашық алаң форматында өткен сабақта білім алушылардың пікірлері де тыңдалды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс