+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

Колледжге түскеннен кейін бірінші курс студенттері не күтеді?

Әрине, Студенттерге арнау дәстүрлі рәсімі. Дәл осы оқиғадан бастап кешегі мектеп түлегі үлкен еркіндікті және сонымен бірге үлкен жауапкершілікті білдіретін жаңа ересек студенттік өмірді бастайды.

Күн мен уақытты есте сақтаңыз:

21 қазан күні, 15:30-де

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Астана қаласы «Алматы» ауданы ААПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Наурызбаев А.А. колледж жатақханасында тұратын студенттермен кездесті. Кездесу барысында жатақханада тұратын кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың жеке бас қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім алушылардың ата-аналар тарапынан жауапкершілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2022 жылдың 18 қазанында Қазақ жазушысы, ақын, публицист, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, қоғам қайраткері Нұрқожа Ораздың (1932-2016 жж.) толуына орай жоғары медициналық колледж кітапханасында оқу залының кітапханашысы А.Кайсанованың ұйымдастыруымен «Әдебиет биігіндегі тұлға» атты әдеби сағаты өткізіліп, тақырыпқа сай кітап көрмесі безендірілді.

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Жоғары медициналық колледждің ерікті студенттері «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-де болып экологиялық сенбілік жасады. Балалардың ойнайтын алаңдарын тазартып,  түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерімізге деген қамқорлығын көрсетті.

Мекеме ұжымы колледжге, білім алушыларға ризашылығын білдірді.

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Жоғары медициналық колледжінде 21 топ студенттері арасында "Өзің оқып және баскаларга кеңес бер" атты тақырыбында Библио-кросс өтті. Іс шараның бастапқы мақсаты- кітап оқуға баулу, оқылған кітаптан қорытынды шығару, шығармалардан қорытынды шығару, оларды есте сақтап, түсіну. Студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты. Көп кітап оқып шыққан оқырман жеңіске жетті. Библио-кросс жеңімпазы атағын Мұрат Мөлдір иеленді!

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығында өтіп жатқан «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлық аясында 08 қазан күні Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері сенбілікке шықты.

«Алматы» ауданы әкімшілігі тарапынан берілген аумақта сенбілік жасаған студенттер сүйікті қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс