+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

14.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін арттыру бағытында өткізіліп жатқан апталық аясында студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық заңдылық талаптарын түсіну мақсатында «Жауапты ұрпақ» атты зияткерлік ойыны өтті. Ойын соңы студенттердің көңілді флешмобымен жалғасты.

14.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде ұйымдастырылған «Біз Таза сессияны қолдаймыз!» атты акция аясында өткізілген плакаттар байқауы, бейне-роликтер байқауы, эсселер байқауының қорытындысы шығарылды.
Нәтижеесінде Плакаттар байқауында І орын – 112 м/і
ІІ орын – 12 м/і
ІІІ орын – 11 м/і иеленді.
Бейнероликтер байқауының жеңімпаздары:
І орын – 111 м/і
ІІ орын – 15 м/і
ІІІ орын – 111 е/і фельдшер
Эссе байқауының жеңімпаздары: І орын – 111 м/і
ІІ орын – 12 м/і

Құттықтаймыз!

13.01.2025ж. Жоғары медициналық колледжде 13.01-17.01.2025ж. аралығында «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін арттыруға бағытталған апталық басталды.
Апталық аясында топтар арасында «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.
Кураторлар тарапынан білім алушылармен әрбір тұлғаның құқықтық сауаттылығының маңызы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

13.01.2025ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында Астана қаласы «Алматы» аудандық полиция басқармасының криминалдық бөлімінің аға жедел уәкілдері Актаев Еркебұлан Оралович, Аугалиев Ербол Ертаевич «Интернет-алаяқтық және «дропперліктің теріс салдары және оның алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында білім алушыларға құқықтық сауаттылық жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Интернет-алаяқтыққа байланысты бейне-ролик көрсетілді. Студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

  СЕССИЯ БАСТАЛДЫ! Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де 2025 жыл 05.01 – 18.01 аралығында «Таза сессия» жарнасы басталды.
  Жарна жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер арасында «Мен таза сессияны қолдаймын» эссе және «Біз таза сессия үшін!» тақырыбында бейнеролик байқауы, «Адал бол - адам бол!» тренингін жүргізу жоспарланған.

Қазақстанда «111» мемлекеттік байланыс орталығы отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсету мақсатында жүзеге асқан «111» байланыс орталығының QR кодын қолдану іске асырылғандығын хабарлаймыз!!!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс