+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

🇰🇿🇰🇿🇰🇿 «Тәуелсіздік тұғырым» – Жоғары медициналық колледжде өткен салтанатты жиын!

Тәуелсіздік күніне орай Жоғары медициналық колледжде «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға «Ауыл» партиясы Жастар қанатының елордалық төрағасы қатысып, партиямыздың Астана қалалық филиалы атынан:
✨ Колледждің үздік студенттерін марапаттап, олардың білім мен еңбектегі жетістіктерін атап өтті.
✨ Колледж ұжымына ерекше еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.
✨ Бұған дейін өткен «Ауыл нақыштары» фотобайқауынан үздік фотолардың бірін естелік ретінде сыйға тартты.

«Тәуелсіздік тұғырым» атты бұл шара жастарды елге қызмет етуге ынталандырып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталды. Тәуелсіздік – әрбір азамат үшін қастерлі ұғым, ал жастарымыз – оның жарқын болашағының кепілі!

🇰🇿 Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

  23.12.2024ж. Жоғары медициналық колледжде аптаның басы ҚР Гимнімен басталды. Апта дәйексөзі: «Бірлік болмай тірлік болмас». Топтар арасында топ жетекшілер «Бірлігі жоқ ел тозады». «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді. Студенттерге жасампаз ел бірлігі жайлы айтылды. Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  13.12.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара ҚР Әнұранымен басталды.
Колледж директоры Саттар Маратұлы оқытушылар мен білім алушыларды маңызды мерекемен құттықтады. Сөз соңында оқу жылының басынан бері қала көлемінде әртүрлі бағыттағы байқауларда жеңіске жеткен студенттерді    Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапаттарын табыстады.
  Мерекелік іс-шараға «Ауыл» партиясы «Жастар қанатының» Астана қалалық филиалының төрағасы Мади Ходжиұлы қатысты. Мерекемен құттықтап, колледжге «Алғыс хат» тапсырды. Белсенді волонтер студенттерге Сертификат берді.
  Шараға жауапты 115 м\і тобы білім алушылары белсене атсалысып, ұстаздармен викториналық ойын өткізді, Тәуелсіздіктің тәттілерінен шашу таратты. Ән салды, күй тартылды, би биленді. Естелікке суретке түсті.

  13.12.2024ж. Жоғары медициналық колледжде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында «Дін және қоғам» атты тақырыпта дәріс өтті. Дәрісті Дінді зерттеу орталығының теологі Арман Нұрахметұлы оқыды. Шараға Астана қаласы «Алматы» ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сатыбалдина Баян Сатыбалдиевна, Дінді зерттеу орталығының координаторы Марлен Айдарқұл қатысты.
  Студенттерге діннің бағыттары, қоғамдағы алатын орны, дінге қатысты ҚР Заңнамалары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс