8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  09.12.2024 ж. 09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жоғары медициналық колледж базасында іс-шара өтті. Білім алушыларға БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының мақсаты таныстырылып, сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екендігі айтылды.
  Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға колледждің комплаенс-офицері Д.Б.Оразбеков қатысып, білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған құқықтық-нормативтік акттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  Студенттермен тренинг өткізіліп, сұрақтарға жауап берілді. Мазмұнды өткен шара білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыруда маңызы зор болды.

  08.12.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өткен «All in SPORT: Сіз жіберіп алмайтын жүгіру!» челленджіне қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шара барысында білім алушылар жеңіл спорт түрлерінен бақ сынасты. Шара соңында медальдармен марапатталды.

  Жоғары медициналық колледждің оқу залында қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар Б. Майлиннің, С. Сейфуллиннің, И. Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысы қазақ халқының тарихында, мәдениетінде және әдебиетінде терең із қалдырды.
  Көрмеде Ілияс Жансүгіровтың, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылды. Олардың өмірбаяндарының, сондай-ақ жазушылардың әр жылдары жарық көрген шығармаларының қызықты деректері келтірілді.

  06.12.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Ауыл» партиясы Жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Джузбек Мади Ходжиұлы, төраға орынбасары Амантай Данияр Бауыржанұлымен «Жастардың қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта ашық алаң кездесуі өтті.
​  Кездесу барысында олар партия жұмысының жандануы мен барысы жайлы видео-ролик көрсетіп, жастардың қоғам дамуындағы рөлі жайлы ашық әңгіме жүргізді. Білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жастардың қоғамда белсенді, әлеуеті жоғары екендігіне тоқталды.

  06.12.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттеріне «Зиянды әдеттер – есірткі пайдаланудың алдын алу», «Лудомания – қоғам дерті» тақырыптарында Астана қалалық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Койшибеков Т.Т. семинар өткізді.
  ​​Семинар барысында есірткіні пайдаланудың денсаулыққа, қоғамға зияны жайлы бейне-ролик көрсетілді. ҚР Заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту нормативтік акттермен таныстыра отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
  ​​Лудоманияның жеке тұлға болып қалыптасудағы зияндарына тоқталды. Студенттер тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді.

  05.12.2024ж. Жоғары медициналық колледждің «ULY DALA» дебат клубының мүшелері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жастар арасында есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы «Aqyl Life-2024» жобасы аясында орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен зияткерлік ойынында І-орынды жеңіп алды.
Құттықтаймыз!!!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс